Қоғам
Елордада Мемлекеттік туды астын үстіне қаратып теріс іліп қойған — әкімдік түсінік берді

Астана қаласындағы Алматы ауданының әкімдігі, «Отан қорғаушылар» алаңындғы теріс ілінген Мемлекеттік Туға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Turanews.kz.
«Аталған мәселе бойынша сын-ескертпе ескеріліп, ту қайта ілінді. Қазіргі уақытта ту тиісті тәртіпте, яғни асты үстіне қаратылып қайта орнатылған. Мердігерлік ұйымға келісімшарт міндеттемелерін сапасыз орындағаны үшін қажетті шаралар қабылданады. Сондай-ақ, мердігер мекеменің басшылығымен профилактикалық әңгіме өткізілді», — делінген Алматы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске салайық, бүгін желілерде бас шаһардағы Отан қорғаушылар алаңында Туды астын үстіне қаратып, теріс ілінгені көрсетілген фото мен видео жарияланған еді.