Қоғам
Елордада жаңа автобус бағыты пайда болады
Ертең, 20 шілдеден бастап Астанада жаңа автобус бағыты пайда болады.
City Transportation Systems берген ақпаратқа сай, осы сенбіде, 20 шілдеден № 63 жаңа бағдары іске қосылады.
Бағдар «Теміржол вокзалы» – Жағалау (Ә. Бөкейхан ат. Binom мектебі) қатынасымен жүреді. Ол Агротехникалық және Медициналық университеттері, «Сарыарка», «Keruencity» CОО, «Астаналық» базары, «Тұлпар», «Шапағат», «Асем» және «Сарыарка» сауда үйлері арқылы өтеді.
Бағытқа қызмет көрсету қатынау жиілігі 10-15 минут болатын 10 автобуспен жүзеге асырылады.
Қозғалыс сызбасымен толығырақ суреттен таныс бола аласыздар.
Сурет: cts.gov.kz