Мәдениет
Елордада 2,5 мың бала этнофлешмобқа қатысты
Қазақстан халқының бірлігі күні мен Халықаралық би күні қарсаңында, елордада ұлттық киімдер флэшмобы өтті, деп хабарлайды Turanews.kz қаланың Білім басқармасына сілтеме жасап.
«Астана қаласының барлық білім беру ұйымдарында бұрыннан қалыптасқан дәстүр бойынша бүгін, сағат 12:00-де «Бұл – біздің Қазақстан» этнофлешмобы өтті. Оған 2500-ден астам бала қатысты. Әсем шара Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының алдындағы хореографиялық ұжымдар мен этнолингвистикалық орталықтар қатысқан мерекелік бағдарламамен аяқталды», — делінген мәліметте.
Айтылып өткендей, этнофлешмоб әлеуметтік желілерде #әлем_халықтарының_билері, #мектептің_өзін-өзі_басқаруы, #өзін-өзі_басқару, #БұлБіздіңҚазақстан хэштегтерімен жарияланатын болады.