Қоғам

Елорда тұрғыны бірнеше такси жүргізушісін сан соқтырған

Олар «клиентке» алданып, 25 мың теңге көлеміндегі қаражатынан айырылғанына шағымданған, деп хабарлайды Turanews.kz Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы Байқоңыр ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтықпен айналысқан 31 жастағы ер адамды анықтады.  Мобильді қосымшасын пайдаланатын такси жүргізушілері күдіктінің жәбірленушілеріне айналған7

Белгілі болғандай, жүргізушілер ұқсас жағдай бойынша алданған. «Клиент» мобильді қосымша арқылы мемлекеттік тіркеу нөмірін белгілі бір мекенжайға жіберу үшін такси шақырады. Әңгіме барысында ол жүргізушіге жол апатына ұшырағанын айтып, шұғыл түрде нөмірді жеткізуді өтінеді. Сонымен қатар нөмірді алушы оны жеткізген кезде ақшаны төлейтінін айтып, 25 мың теңге сұрайды. Жүргізушілер келіседі, бірақ көрсетілген мекенжайға барғанда күтіп алушыны таппай, телефоны өшірілген «клиентке» қоңырау шалып әлекке түседі.

Полицейлерге такси жүргізушілерінен 4 арыз түскіп, қазіргі уақытта барлық жәйттер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабымен («Алаяқтық») қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Полицейлер алаяқтың әрекетінен зардап шеккен такси жүргізушілері тағы көп болуы мүмкін екенін атап өтті.

TuraNews

Back to top button