Саясат

Елорда «Digital nomads» орталығына айналмақ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда ІТ саласындағы білікті мамандар арқылы Digital nomads орталығына айналу керектігін айтты. Бұл туралы Turanews.kz хабарлайды Ақорданың Telegram арнасына сілтеме жасап.

«Астана қаласының және Ақмола облысының әкімдері қала маңындағы аудандарда тұратын жұрттың әл-ауқатын арттыруға күш салуы керек. Астана агломерациясы инвестиция тартуға, инновацияларды енгізуге және білікті мамандардың еңбек етуіне барынша ыңғайлы болуға тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Әлем экономикасында түбегейлі өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде бұл – өте өзекті мәселе. Біз осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, Елорда аймағын еліміздің экономикалық тірегіне айналдыруымыз керек», — деді Мемлекет басшысы жиында.

Сондай-ақ Президент елорданың дамуы жаңа үлгіге көшу керектігін де айтты.

«Астана инновациялық шаһар болуы қажет. Әлемде қаланы басқарудың жаңа цифрлық тәсілдері қарқынды түрде енгізіліп жатыр. Біз де бұған баса назар аударуымыз керек. Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қырық екі компаниясының басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар «ақылды қала» жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын. Әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырамын. Жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет. Сол арқылы бас қаламыз аймақтың «Digital nomads» орталығына айналмақ», — деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

TuraNews

Back to top button