БастыҚоғам

Елодада Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы басталды

Елордада «Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы» басталды. Саясат пен экономика, бизнес пен қоғамдық жұмыста көшбасшы болып жүрген қыз-келіншектер бас қосып отыр, деп жазады Turanews.kz.

Жиында Қазақстанның Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогына төрағалығы ресми басталады.

Отырысқа қатысушылар диалогтың 2023 жылға арналған мақсаттары мен міндеттерін айқындап, жылдық жұмыс жоспарын талқылайды және бекітеді.

Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогы – өңірдегі әйел парламентшілері арасындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған бейресми алаң.

Диалог 2020 жылғы желтоқсанында ресми түрде өз жұмысын бастаған. Осыған дейін диалогқа Өзбекстан (2021 жылы) және Түрікменстан (2022 жылы) төрағалық етті.

Диалог БҰҰ-ның Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі өңірлік орталығы (ОАПДӨО), БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) және «БҰҰ-әйелдер» құрылымының қолдауымен құрылды және қызмет етіп келеді.

 

TuraNews

Back to top button