Қоғам

Еліміздің жетекші көз хирургі Серік Жұмабаев дүниеден өтті

Қазақстандағы жетекші көз хирургтарының бірі Серік Ембергенұлы Жұмабаев 63 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Turanews.kz, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпаратты Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы растады.

Серік Ембергенұлы Жұмабаев – ҚР денсаулық сақтау үздігі, ҚР 2008 жылдың үздік офтальмолог дәрігері.

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасына қарасты Қостанай облыстық офтальмология ауруханасының жоғары білікті офтальмолог-дәрігері, стационарлық бөлімше басшысы.

Еңбек жолын Алматы қаласы көз аурулары ҚазҒЗИ-да дәрігер-интерн болып бастаған. Кейіннен Торғай облысының ауданаралық көз бөлімін басқарды.

Алматы көз аурулары ҚазҒЗИ базасында екі жылдық клиникалық ординатурадан өтті.

Көз аурулары ҚазҒЗИ республикалық лазерлік орталығының офтальмолог-дәрігері. Торғай облыстық ауруханасының көз бөлімінің меңгерушісі.

Қостанай облыстық офтальмологиялық ауруханасының стационар бөлімін басқарды.

Серік Ембергенұлы 30 жылдан астам уақытын көз бөлімшесінде еңбек етіп, облыста лазерлік хирургияны, көздің тор қабығынан айырылу операцияларын, катаракта мен глаукоманы хирургиялық емдеудің заманауи инновациялық технологиясын енгізді.

Бірқатар офтальмолог мамандарды тәрбиелеп шығарды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.

TuraNews

Back to top button