
Қазақстанның орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, деп Қазгидромет мәліметіне сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың орталығында, шығысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен дауыл және де бұршақ күтіледі.
«Бұл ретте температуралық фонда ерекше өзгерістер күтілмейді. Елдің батыс аймақтарында ауа райы әлі де ашық және ыстық болады», — делінген хабарламада.