Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Turanews.kz.
Министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 200,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды.
«2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге», делінген хабарламада.
Еске салайық, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 миллион 305 мың адамды құрап отыр.