Қоғам
Еліміздегі барлық су қоймаларына су жиналып жатыр
Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Солтүстік өңірдегі су қоймаларына орта есеппен 59% су жиналды. Айта кету керек, бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 9%-ға көп.
«Оңтүстікте су қоймаларына орта есеппен 58% су жиналды.
Ал, еліміздің батысында жиналған судың көлемі — 77%, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14% — ға артық.
Шығыстағы су қоймалары орта есеппен 60% суға толы, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9%-ға көп.
Ал Орталық Қазақстанда су қоймаларына 61% су жиналды»,- денілген хабарламада.