БастыҚоғамЭкономика

Елімізде су тапшлығын жою мақсатында екі ірі жоба жүзеге асырылмақ

Орталық Азия аймақтық экология орталығы тұрақты су пайдалану саласында екі ірі жобаны жүзеге асырмақ. Әлеуметтік маңызы бар жобалардың құны 600 мың доллардан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық Азия аймақтық экологиялық орталықтың Қазақстадағы директоры Нұрай Сәттімовтың айтуынша, ілкі жоба Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанды қамтиды.

Біріншіден, жоба ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігіне нұқсан келтірмей, суарудың жаңа әдістері мен технологияларын енгізу арқылы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі.

Екіншіден, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанда әйелдер басқаратын фермалар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындары суармалы су тапшылығына тәуелділігін төмендетіп, өнімділікті арттырып, жалпы өңірдегі ауыл шаруашылығының тұрақтылығын жақсартады.

«Қазақстандағы Есіл өзені бассейніндегі су алабы біріктірілген басқару» жобасы Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Есіл өзен бассейндегі ауыл шаруашылық пен жайылымдық жерлердің жағдайын жақсартады. Осы облыстарда тұратын 12 000-нан астам адам ауыл шаруашылығында су ресурстарын басқарудың кешенді тәсілін енгізуден тікелей пайдасын көреді. Сонымен қатар, Есіл өзені бассейнінің су ресурстарын сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі трансшекаралық диагностикалық талдау және стратегиялық іс-әрекет жоспары әзірленетін болады», — дейді Нұрай Сәттімов.

Спикердің сөзінше, жобалардың жалпы құны 600 мың доллардан асады.

Орталық Азия елдеріндегі тікелей бенефициар саны 22 мыңнан, ал жанама алушылар саны 200 мыңнан асады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысында, су саясатын қалыптастыру кезінде оның шектеулі табиғи ресурс екені ескеру керектігін айтқан болатын.

TuraNews

Back to top button