
Республика бойынша нөсер жаңбыр жауады.
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, республика аумағының басым бөлігі бұрынғысынша атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр), күндіз жауын-шашын болады.
«9 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады, 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде Қазақстанның орталығында қатты жауын-шашын болады, жел күшейеді, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік облыстарда екпінді жел күтіледі», — деді синоптиктер.
Болжам бойынша, күндіз ауа температурасы:
- республиканың солтүстігінде 0+8°С;
- солтүстік-батыста, шығыста және орталықта +5+15°С;
- батыста және оңтүстікте +15+23°С.
«Түнде және таңертең Қазақстан бойынша тұман күтіледі» , делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
Бұған дейін «Қазгидромет» РМК мамандары республиканың қай өңірлерінде өзендердегі су деңгейінің көтерілетінін айтқан болатын.