БастыҚоғам
Trending

Елімізде боранға байланысты бірнеше жол жабылды

27 қаңтарда қолайсыз ауа райы мен техникалық себептерге байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерді қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Қозғалыс шектелген аймақтар:

Маңғыстау және Атырау облыстары: «Доссор – Ақтау» бағытының басым бөлігі және Өзбекстан шекарасына дейінгі жолдар жабық.

Қостанай облысы: Арқалық, Тобыл және Сарыкөл бағытындағы учаскелерде қозғалыс тоқтатылды.

Ақмола және СҚО: Астана – Қостанай және Жезқазған – Петропавл тас жолдарының кейбір бөліктерінде көлік жүруіне тыйым салынды.

Павлодар облысы: Қалқаман ауылы маңындағы көпірдің зақымдануына байланысты Астана бағытына шығатын жол жабық.

Мамандар жолдардағы арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмауды сұрайды. Жолдың жай-күйі туралы нақты ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы білуге болады.

TuraNews

Back to top button