Денсаулық

Елімізде 2300-ден аса адам коронавирустан емделіп жатыр

Өткен тәулікте Қазақстанда 112 адам коронавирус індетін жұқтырған, деп хабарлайды Turanews.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің 13 қаңтардағы мәліметі бойынша, қазіргі таңда 2 315 адам коронавирус инфекциясынан (–2 168+ және 147 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 225 пациент стационарда, 2 090 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 9 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», —  деп жазды хабарлмада министрлік.

TuraNews

Back to top button