Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі Masters турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарайды Turanews.kz Bassport.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Рыбакина 33 жастағы чехиялық спортшы, әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы және «Уимблдон» турнирінің екі дүркін жеңімпазы Петра Квитовадан екі сет қорытындысы бойынша ұтылды.
Есеп — 6:7, 2:6.
Осылайша, қатарынан екі турнирді жеңіп алу бақыты Еленаға бұйырған жоқ.