Спорт
Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп жазады Turanews.kz BasSport.kz-ке сілтеме жасап.
Дүниежүзілік рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік үштіктегі орнын сақтап қалды. Юлия Путинцева бір сатыға жоғарылап, 50-орынға табан тіреді.
Ал жұптық сында өнер көрсететін теннисшілер рейтингісінде Қазақстан үздігі Анна Данилина 24-орнында қалды.
Әлемдік рейтингте польшалық Ига Швентек көш бастаса, белорусиялық Арина Соболенко екінші орында.