Спорт

Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz порталы.

Әлемнің төртінші ракеткасы жарыстың екінші айналымында аустралиялық Айла Томляновичпен шеберлік байқасуы керек болған. Алайда қарсыласы жарақатына байланысты турнирді жалғастырудан бас тартып, Елена Рыбакина автоматты түрде үшінші кезеңге жолдама алды.

Ал “Үлкен дулыға” жарысының төртінші айналымына шығу үшін отандасымыз Сорана Кырстямен сынға түседі.

TuraNews

Back to top button