БастыСпорт

Елена Рыбакина Римдегі мастерсте топ жарды

Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина тағы бір турнирде топ жарды. Бұл жолы Римдегі WTA 1000 жарысында үздік шықты, деп хабарлайды Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.

Отандасымыз финалда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининамен кездесті. Бұған дейін екеуі бір рет жолығып, қарсыласы жеңіске жетті. Осы жолы Калинина қарқынды бастады. Алғашқы екі геймді өз пайдасына шешті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп, өзі алға шықты – 4:3. Сосын бір сағатқа жуық уақытқа созылған сетті брейкпен бітірді – 6:4.

Екінші партия басында есеп 0:1 болғанда, украиналық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

Сөйтіп, қазақ теннисшісі Римдегі турнирдің жеңімпазы атанды.

Алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде қазақстандық теннисші 4-орынға көтеріледі.

TuraNews

Back to top button