Спорт

Елена Рыбакина Канададағы WTA 1000 жарысына дайындығын бастады

Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өтетін WTА 1000 жарысына дайындығын бастады, деп хабарлайды Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.

Спортшы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Монреальда өткізген алғашқы жаттығуынан видео жариялады.

Монрелаьдағы WTА 1000 жарысы 7 тамыз күні басталады.

Еске салайық, Елена Рыбакина соңғы рет Уимблдонда өнер көрсетіп, беделді турнирдегі жарыс жолын ширек финалда аяқтаған болатын.

 

TuraNews

Back to top button