Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 23-орында тұрған америкалық, 22 жастағы Эмма Наварромен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Рыбакина 5:0 есебімен алға кетіп, бет қаратпады – 6:1.
Керісінше тартысты өрбіген екінші сетте тай-брейкте Наварроның асығы алшысынан түсті – 7:6 (8:6).
Үшінші, шешуші партияда Елена брейк жасап, 4:2 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылығынан танған жоқ – 6:4.
Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 10 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың алтауын мүлт жіберген жоқ.
Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 38-ракеткасы, 2021 жылғы АҚШ ашық чемпионатының финалисі, канадалық Лейла Фернандеспен кездеседі.