Спорт
Елена Рыбакина Астанаға келді

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Астанаға келді, деп жазады Turanews.kz BasSport.kz порталына сілтеме жасап.
Мұны спортшының өзі Instagram парақшасында жариялаған Stories-і арқылы хабарлады.
Енді Елена Рыбакина ұлттық құрамамен бірге Билли Джин Кинг Кубогына дайындыққа кіріседі. Ал әйелдер арасындағы командалық әлем чемпионаты 14-15 сәуір күндері Астанада топырақ төсеніште өтеді. Ярослава Шведова бастаған қащақтың теннисші қыздары финалдық кезең жолдамасын Польша құрамасымен сарапқа салады.