Спорт

Елена Рыбакина АҚШ-тағы беделді жарыстың жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтіп жатқан WTA 1000 жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Ширек финалда отандасымыз чехиялық Каролина Муховамен кездесіп, үш сет қорытындысында 7:6 (7), 2:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

2 сағат 48 минутқа жалғасқан матчта Елена Рыбакина 6 эйс жасап, алты қосарланған шателікке жол беріп, 14 брейк-пойнттың тек екеуін сәтті жүзеге асырды.

TuraNews

Back to top button