Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өткен WTA 1000 жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Беделді жарыстың финалында Аустарляи ашық чемпионатындағы қарсыласы белорусиялық Арина Соболенкомен (АО — 6:4, 3:6, 4:6) кездескен қазақстандық спортшы екі сет қорытындысында 7:6 (13:11), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық теннисші кәсіби мансабында тұңғыш «Мастерс» жарысының чемпионы атанып отыр. Бұған дейін спортшының бұл турнирдегі ең үздік нәтижесі ширек финал болған еді. Сонымен қатар, бұл — Елена Рыбакинаның 2023 жылғы алғашқы титулы. Оған қоса, теннисші осы турнирде чемпиона атанған тұңғыш қазақстандық екенін айта кетейік.