
Бүгін, Қазақстандық теннисші Аустралия ашық чемпионатының төртінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентекпен шеберлік байқасты, деп Bassport.kz порталына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Елена Рыбакина польшалық теннисшіні 6:4, 6:4 есебімен екі сет қорытындысында сенімді жеңді.
Сөйтіп, ол кәсіби мансабында тұңғыш рет Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына өтті.
Ширек финалда теннисшіміз Елена Остапенкомен сынға түседі. Матч 24 қаңтар күні өтеді.