Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалына жолдама алды, деп хабарлайды BasSport.kz.
Ол жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, польшалық Ива Швентекпен кездесті. Отандасымыз брейктер жасаап, екі сетті де 6:2, 6:2 есебімен жеңді.
Екеуі бұған дейін үш рет жолыққан. Соның екеуінде Рыбакинаның бағы жанған. Осы жолы үшінші рет басым түсті. Бұдан екі ай бұрын Е.Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалында қапы қалдырып кеткен болатын.
Сөйтіп, қазақстандық Индиан Уэллс жарысының (жүлде қоры – 8,8 млн АҚШ доллары) финалына өтті.
Енді финалда беларусь қызы, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенкомен кездеседі. Екеуі Аустралия ашық чемпионатының финалында жолыққан. Ол кезде қарсыласы жеңіске жеткен.