Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы атанды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
WTA рейтингінде 4-орында тұрған тунистік Онс Жабер Мадридтегі “Мастерс” жарысына жарақатына байланысты қатыса алмайтынын мәлімдеді. Ол өткен жылы осы турнирде жеңімпаз атанғандықтан, жарыс аяқталған бойда қоржынындағы 1000 ұпай шегеріліп тасталынады.
Осылайша, отандасымыз Елена Рыбакина мансабында тұңғыш рет әлемнің алтыншы ракеткася атанды.