БастыСпорт

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде үздік-үштікке енді

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үздік үштікке енеді, деп жазады Turanews.kz.

Қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде қазір 4-тен 3-орынға көтеріліп тұр.

Ролан Гаррос турнирінің қорытындысы бойынша Е.Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер шығуы мүмкін еді. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға жол берді – 6:3, 6:7 (5:7), 1:6.

Осылайша, Елена Рыбакина Польша өкілі Ига Швентек пен Беларусь өкілі Арина Соболенкодан кейінгі үшінші сатыға көтерілмек.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәліметті растап, Е.Рыбакинаның ресми түрде алдағы дүйсенбіде әлемнің үшінші ракеткасы атанатынын жеткізді.

TuraNews

Back to top button