
Ол WTA-500 санатындағы бәсекенің финалында Дарья Касаткинадан басым түсті. Есеп: 6:1, 6:4. Осылайша, Елена биылғы екінші жүлдесіне қол жеткізді. Осыған дейін ол Брисбендегі турнирде қарсылас шақ келтірмеген.
Абу-Даби корттарында Елена әуелі америкалық теннисші Даниэль Коллинсті (4:6, 6:3, 6:3), сосын испаниялық Кристина Буччаны (6:1, 6:4), ресейлік Людмила Самсонованы (6:0, 4:6, 6:2) ұтқан.
БАӘ-дегі осы жеңісі үшін Рыбакина 142 000 АҚШ долларына және 500 ұрайға ие болды. Ертең жаңаратын WTA-ның рейтингінде қазақстандық спортшы 4-орынға көтеріледі.