Әлем

Елдің оңтүстік-шығысында мұнайдың жаңа қоры анықталды — Ердоған

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдің оңтүстік-шығысындағы Ширнак провинциясының Джуди және Габар аудандарында мұнайдың жаңа қоры табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Turanews.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуынша, жаңа кен орнының өндірістік қуаты тәулігіне 100 мың баррельге бағаланып отыр.

«Мен жақсы жаңалықпен бөліскім келеді. Біз Джуди мен Габарда өндірістік қуаттылығы тәулігіне 100 мың баррельді құрайтын мұнай қорын таптық», — деді Мемлекет басшысы Еуропадағы ең ірі күн электр станциясының (Қарапынар КЭС) ашылуына және Конья провинциясында жақында аяқталған басқа да нысандардың іске қосылуына арналған салтанатты шарада.

Р.Ердоған мұнайдың құрамы «жоғары сапалы» екенін атап өтті.

«Қор күнделікті тұтынуымыздың оннан бір бөлігін өтей алады», — деп қосты ел президенті.

TuraNews

Back to top button