
Алдағы үш күнде атмосфералық фронттардың ықпалымен республиканың көптеген облыстарында қар жауып, боран соғады және желдің екпіні артады. Мемлекетіміздің оңтүстік өлкелерінде аралас жауын-шашын болып, 22 қаңтарда таулы жерлерде қалың қар түседі деп болжануда.
«Қазгидромет» РМК таратқан ресми ақпаратқа сүйенсек:
«22 қаңтарда Жаңа Жер аудандарынан ығысқан суық антициклон республиканың солтүстік жартысына әсер етіп, бұл өңірлерде ауа температурасы түнде 25-38 градус аязға дейін, күндіз 20-30 градус аязға дейін төмендейді.
Ал Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 5 градус аяздан 3 градус жылуға дейін, таулы аудандарда 8-13 градус аяз, ал батыс өңірлерде 5-13 градус аяз болады деп күтіледі».



