БастыДенсаулық

Екінші толқын басталды: Қырғызстанда қызылша ауруы өршіп тұр

Қырғызстанда 35-ші аптадан бастап қызылша ауруының екінші толқыны өтіп жатыр. Ауру жұқтырудың ең көп жағдайы Бішкекте, Жалал-Абад және Шу облыстарында тіркелген, деп хабарлайды Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінен.

Кабар ақпарат агенттігінің мәліметінше, елдің Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Республикалық иммунопрофилактика орталығының ақпаратынша, 5 желтоқсандағы жағдай бойынша қызылша ауруы деп танылған 5162 жағдай тіркелді, оның ішінде 1627-і зертханада расталған.

Айта кетейік, биылғы жылдың 48-ші аптасында (27.11.-03.12.23ж.) Ош қаласы, Ош, Нарын және Ыстықкөл облыстарында қызылша ауруының нөлдік көрсеткіші тіркелді (қызылша ауруы тіркелмеген).

Жыл басынан бері бірінші толқында Бішкек, Ош қалалары және Ош облысында аурудың белсенді айналымы байқалды. 35-ші аптадан бастап Бішкек, Жалал-Абад және Шу облыстарында белсенді айналым байқалған екінші толқын басталды.

Бұл аймақтарда ауруға шалдығу көрсеткішінің жоғары болуы ондағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ата-аналары жоспарлы екпелерді салдыртпауына байланысты болып отыр.

Төмен қамту профилактикалық екпелерден бас тарту санының өсуімен, Бішкек және Ош сияқты қалаларда сыртқы және ішкі көші-қонның ұлғаюымен байланысты мигранттардың балалары денсаулық сақтау ұйымдарына жіберілмейтінімен және тиісінше жоспарлы екпелерден тыс қалатынымен байланысты болды.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button