Қоғам

Екібастұз жылу электр станциясын жөндеуге бөлінген миллиардтар ұрланған

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады.

Екібастұздағы 2-ші мемлекеттік аймақтық электр станциясын (Екібастұз МАЭС-2) жөндеуге бөлінген 1 млрд теңге қаражат жымқырылған. Бұл жайлы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлады.

«Павлодар облысының прокуратурасы «Екібастұз МАЭС-2» АҚ-ны тексеру барысында 3-ші энергоблокты орнатумен жылу электр станциясын кеңейтуге және реконструкциялауға арналған қаражатты ысырап ету фактілерін анықтады.

Расталмаған жұмыстардың көлемі шамамен 1 млрд теңгені құрады»,- делінген хабарламада.

Прокуратураның мәліметінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы (аса ірі мөлшерде мүлікті жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде қылмыстың барлық мән-жайларын, залалдың түпкілікті сомасын және оған қатысы бар адамдар тобын анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

TuraNews

Back to top button