Қоғам

Екі бауыр – бір мамандық

Тұрсынбек пен Орынбек Антошевтер абыройлы мамандықты таңдап, Ұлан ауданы Таврия ауылындағы №12 өрт сөндіру бөлімінде 6 жылдан астам уақыт бойы жүргізуші болып еңбек етіп келеді. Өрт сөндіру бөлімінің жүргізушілері жеке құрам мен арнайы техниканы оқиға орнына қауіпсіз жеткізуді, сондай-ақ өрт сорғылары мен өзге де қосалқы жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыс тек жоғары деңгейдегі жүргізушілік шеберлікті ғана емес, сонымен қатар арнайы техниканың құрылысын терең білуді және төтенше жағдай кезінде тез шешім қабылдай білуді талап етеді.

Тұрсынбек көптеген өрттерді сөндіруге қатысқан. Бірде шаруа қожалығы аумағында шамамен 500 тонна шөп отқа оранған кезде, Тұрсынбек Антошев өз қарауылымен бірге отқа қарсы тұрып, өртті сөндірді. Ол бөлімшенің күнделікті өміріне белсене қатысып, арнайы техниканы жөндеу мен оны әрдайым жауынгерлік дайын күйде ұстауға үлкен үлес қосып келеді.

Бауыры Орынбек те Тұрсынбекпен бір күнде қызметке қабылданған. Қызмет жылдарында олар бауырластық бірліктің және өз ісіне адалдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Орынбек те ағасы секілді Ұлан ауданы аумағындағы көптеген өрттерді сөндіруге қатысқан. Мысалы, Таврическое ауылындағы

Элеваторная көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында пәтер өртенген кезде, №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері газ баллонды қауіпсіз жерге шығарып, 1960 жылы туған пәтер иесіне алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жүргізуші ретінде Орынбек өз міндетін мінсіз орындап, қарауыл құрамымен бірге баллонның жарылуына жол бермей, адам өмірін сақтап қалды.

Ағайынды Антошевтар өмір жолында да, қызметте де иық тірестіріп, өңір тұрғындарының қауіпсіздігі жолында адал қызмет етіп келеді.

TuraNews

Back to top button