Қоғам
Екі әуе компания Өзбекстанға ұшуларын уақытша тоқтатты
Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты екі әуе компаниясы Өзбекстанға ұшуларын уақытша тоқтатты.

Бірқатар елдердің әуе кеңістігінің жабылуына байланысты рейстердің тоқтатылғаны туралы ақпаратты Uzbekistan Airports хабарлады.
Атап айтқанда, 2 қазанда мына рейстер тоқтатылды:
— Flynas әуе компаниясының KNE633/634 Жидда – Ташкент – Жидда және KNE651/652 Жидда – Наманган – Жидда бағытындағы рейстері;
— Qeshm Air әуе компаниясының QSM2143/2142 Тегеран – Ташкент – Тегеран бағытындағы рейсі.
Бұл әуе компанияларының келесі рейстері туралы ақпарат әзірге берілмеді.