Қоғам

Эгей теңізінде магнитудасы 4,6 жер сілкінісі болды

Эгей теңізінде жергілікті уақытпен 01:54–те магнитудасы 4,6 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Жерасты дүмпулері 11 километрден астам тереңдікте тіркелді, деп жазады Анадолы.

Бұл туралы Түркияның Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою басқармасы (AFAD) хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізі акваториясында болған. Жер сілкінісінің ошағы 11,1 шақырым тереңдікте орналасқан.

 

TuraNews

Back to top button