Сонымен, Қазақстанда бюджет тапшылығы 24,2 пайызға артса, ал Ресейде бірден 85,8 пайызға ұлғайып отыр.
Қазақстан: 2024 жылдың І тоқсанындағы бюджет кірісі — 9,5 млрд доллар, шығысы — 11,8 млрд доллар. 2,8 млрд доллар бюджет тапшылығы байқалады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, 2023 жылдың 3 айында Қазақстан бюджеті 9,6 млрд долларды, ал шығыстары 11,8 млрд долларды құраған еді. Тапшылық шамамен 1,9 млрд доллар болған.
Ресей: 2024 жылдың І тоқсанындағы бюджет кірісі — 78,1 млрд доллар, шығысы — 106,8 млрд доллар. Тапшылық — 28,7 млрд доллар.
Қырғызстан: 2024 жылдың І тоқсанындағы бюджет кірісі — 900 млн доллар, шығысы — 800 млн доллар. Бюджет профициті — 100 млн доллар. 2023 жылдың І тоқсанында Қырғызстан бюджеті 800 млн доллар, шығысы да дәл осындай сома болған еді.
Армения: 2024 жылдың І тоқсанындағы бюджет кірісі — 1,3 млнд доллар, шығысы 1,3 млрд доллар. Өткен жылдың 3 айында армян бюджеті 1,2 млрд долларға жетіп, шығысы 1,1 млрд долларды құрады. Профицит шамамен 200 млн доллар болған еді.
Еуразия экономикалық комиссиясының атап өтуінше, 2024 жылың І-тоқсанында республикалық бюджеттердің кірісі құрылымында қосылған құн салығы (27-ден 47 пайызға дейін) және өзге де түсімдер басым үлеске ие.
Бұл ретте Арменияда табыс салығының, ал Қырғызстанда қосылған құн салығының артқаны байқалады.
Ал бюджеттік шығысына келер болсақ, онда Армения, Қазақстан және Қырғызстанда әлеуметтік сала мен жалпы мемлекеттік қызметті қаржыландыру айтарлықтай жоғары үлеске ие болып отыр.
Бұл ретте өткен жылдың 3 айымен салыстырар болсақ, онда бюджет шығысының жалпы көлеміндегі бүкіл мемлекеттік қызмет шығыстарының үлесі артып, әлеуметтік саланы қаржыландыру төмендеген.