
2024 жылғы 2 сәуірде Қазақстан мен Тәжікстан астаналары арасында тікелей тұрақты рейс ашылды.
Рейс ашылуының ресми тұсаукесеріне Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева қатысты.
Астана-Душанбе бағыты бойынша ұшуларды «Somon Air» әуе компаниясы аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Б-737 үлгісіндегі әуе кемесінде орындайтын болады.
Әуе бағытының іске қосылуы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.