Оны V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының басшысы Наиль Нұров таныстырды.
Медаль қола қорытпасынан жасалған. Оның ортасында көшпелілер өркениетінің белгісі – ат үстіндегі Күнбасты адамның таңбасы бар.
«Медальдің контуры ұлттық символымыз шаңырақ түрінде жасалған. Медаль таспасы ерекше, сердолик минералының түсі секілді. Онда Ойындардың өтетін орны мен уақыты көрсетілген естелік жазба бар», — деді спикер.
Айта кетейік, Биыл елімізде 8-13 қыркүйек аралығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Екі жыл бұрын бұл шара Түркияның Изник қаласында ұйымдастырылған болатын. Ойындар 21 спорт түрінен өткізіледі. Жартысы өзіміздің ұлттық спорт түрлері болса, қалғаны – түркітілдес елдердің ұлттық спорт түрлері.