
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.
«Бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық аясында көктемде жарыс өтетін орындарды абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Шілдеде дайын болады деп жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, қоғамдық кеңістіктерді, атап айтқанда, «ЭКСПО» аумағындағы саябақ, Қабанбай батыр даңғылы (Сығанақ көшесінен «Қазанат» ипподромына дейін) және Д. Қонаев пен Достық көшесін ұзартуды жоспарлап отырмыз», — деді Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.
Қала әкімінің айтуынша, Астана аумағын көгалдандырудың тұжырымдамасы әзірленді. Ол екі бөліктен тұрады: қоғамдық кеңістіктерді дамыту және көгалдандыру.
Еске сала кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қазақстанда өтеді.
Айта кетейік, Астанада 8-14 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100-ден аса елдің спортшылары қатысады.