БастыСпорт

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы Түркияда 2 мың киіз үй тігеді

Түрік әлемі елдерімен ықпалдастықтың арқасында зілзаладан зардап шеккен Түркия провинцияларында 2 мыңнан астам киіз үй орнатылады. Бұл туралы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Билал Эрдоган Кахраманмараштағы «Ниеттестік» аталатын палаткалы қалашыққа барған кезде айтты. Turanews.kz бұл туралы Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды.

«Анадолымен» әңгіме барысында Билал Эрдоган мәлім еткендей, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы зардап шеккендерге алғашқылардың бірі болып көмекке ұмтылып, түрлі іс-шараларда қолдану үшін қоймаларда тұрған 70 киіз үйді зілзаладан кейінгі алғашқы аптада-ақ жөнелткен.

Оның айтуынша, дәл сол уақытта Қазақстан мен Қырғызстанда киіз үйлерді жіберу қолға алынып жатты.

«Біз Табиғи апаттар мен төтенше жағдайлармен күрес жөніндегі басқарманың (AFAD) жетекшілігімен 250-ге жуық киіз үй құрдық. Мұнда қазақ және қырғыз бауырларымызбен бірге біздің командалар да келді, олар киіз үй құраумен айналысты. Міне, сондықтан да Қазақстан мен Қырғызстанның туларын кездестіруге болады.

Кейін шатырлар санын ұлғайтуды ойладық. Моңғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжанмен ықпалдастық шеңберінде түрлі аймақтарда 2 мыңнан астам киіз үй орната аламыз. Олардың әрқайсысы ниеттестік лагеріне айналатын болады», — деді Билал Эрдоган.

Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясынан атап өткендей, Гюнгорен муниципалитетінің қолдауымен Гёксун ауданында 100 киіз үй бой көтерді.Тағы 200-і Ускюдар муниципалитетінің қолдауымен оқуға түсуге дайындалып жатқан студенттер үшін тігілді.

TuraNews

Back to top button