БастыЭкономика

Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады

Біріккен Араб Әмірліктерінің орталығы Дубайда Қазақстанның сауда үйі ашылады.

Бұл туралы Сауда және интеграция ми­нистрі Арман Шаққалиев ведомствоның алқа мәжілісінде мәлім етті.

«Келесі аптада Дубайда QazExpoCongress ұлт­тық компаниясының «Қазақстан» сауда үйін ашамыз. Павильонды отандық тауарды ілгерілетуге барынша белсенді пайда­лана­мыз. Ол тек қана қазақстандық тауарлардың көрсетілім алаңы ғана бол­майды. Алғаш рет инжиниринг қыз­метінің, медицина мен ІТ саланың өнімдерін ілгері­летпек­шіміз», – деді министр.

TuraNews

Back to top button