Fox News мәліметінше, cайлау қорытындысы бойынша, Д. Трамп жеңіске жету үшін қажетті 270 сайлаушының дауысынан асып түсіп, 277 дауыс жинады.
Харристің 226 дауысы бар. Оның жеңісін Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон да жариялады.
Еске салайық, Трамп алғаш рет 2016 жылы бұрынғы мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды жеңіп, президенттікке сайланған болатын. Ол 2020 жылы жаһандық коронавирустық пандемия кезіндегі сайлау кезінде Байденнен жеңіліп қалды. Бірақ екі жылға жуық үгіт-насихат жұмыстарын жүргізгеннен кейін 2024 жылғы сайлауда Ақ үйге қайта оралды.