
Ұлттық домбыра күні – ата-бабадан қалған асыл мұраны ұлықтайтын ерекше күн. Домбыраның қос ішегінен төгілген әр үн – шежіре, күй – ұрпаққа жол сілтер үнсіз мұғалім. Бұл – қазақ болмысының, рухының айнасы.
Бүгін әр шаңырақта домбыра үні естілсін. Күй тыңдап, күй шертіп, рухани тамырымызды қайта сезінейік. Домбыра – бір күн емес, әр күн естіліп тұруы керек.
Ұлттық домбыра күні – тек өнерді ғана емес, ұлттың рухын, шеберлік пен шежірені құрметтейтін сәт. Әр күй – бір тарих. Әр шертіс – ұрпаққа аманат.
Бүгін домбыраның үніне құлақ түрейік. Ұрпағымыз бұл мұраны тек көрумен емес, шерте білумен жалғастырсын. Себебі домбыра – ұлтты ұлт қылған символдардың бірі.