Экономика
Доллар бағамы 463 теңгеге дейін көтерілді
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457 – 463 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп жазады Turanews.kz Kurs.kz-ке сілтеме жасап.
Елордадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457– 462 теңгеден, Ресей рублі 4,75 – 4,9 теңгеден сатылуда.
Ал Алматыда доллар бағамы 458,5 – 463,5 теңге, көрші ел валютасы 4,83 – 5,07 теңге аралығында құбылып тұр.
KASE-де 16 тамызда кешке өткен сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа құны 5,81 теңгеге қымбаттап, 455,29 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 17 тамыздағы ресми бағамы: 1 доллар – 454,30 теңге, рубль – 4,70 теңге.