«Асыл Мирас» аутизм орталығының балалары мен олардың ата-аналары бірінші болып әлемдік теннис жұлдыздарымен танысуға мүмкіндік алды. Аталған орталықтар Болат Өтемұратовтың қолдауымен Қазақстанның 10 қаласында ашылған, деп ktf.kz сайтына сілтеме жасап Turanews.kz хабарлайды.
Болат Өтемұратов қоры мен Қазақстан теннис федерациясының Президенті орталықты әлемнің бірінші ракеткасы испан теннисшісі Карлос Алькарасқа, «Үлкен Дулыға» турнирлерінің 21 дүркін жеңімпазы сербиялық спортшы Новак Джоковичке, Канаданың бірінші ракеткасы Феликс Оже-Альяссимге, әлемнің төртінші ракеткасы Даниил Медведевке көрсетті.
Экскурсия барысында қонақтарға аутизмнің белгілері мен оны ерте анықтаудың маңыздылығы жөнінде айтылды. «Асыл Мирастың» барлық 10 орталығында 3 жасқа дейінгі балаларды ерте қолдау бағдарламасы ашылған. Ол жерде бүлдіршіндер сөйлей алмаса да, оларды ата-аналарымен бір-бірін түсінуге, дағдарыс жағдайларына тосқауыл болуға үйретеді. Уақытылы көрсетілген коррекциялық көмек, бүлдіршіннің жеке және толық ересек өмірге дағдылануына көмектеседі.
Теннисшілер осы сапары барысында балалардың салған суреттерін естелік ретінде сыйлыққа алды.