Мәдениет

Димаш Құдайберген TEDxGateaway конференциясына қатысады

18 қарашада Димаш Құдайберген Азиядағы ең үлкен және ауқымды фестиваль TEDxGateway-ге қатысады. Конференция Үндістанның Мумбай қаласындағы NCPA кешенінде (Тата театры) өтеді. Бұл туралы dimashnews.com хабарлайды.

TEDxGateway – тәуелсіз ұйымдастырылған TED іс-шарасы, әлемдегі ең шабытты ойшылдардың тегін білімдері мен түсініктерін ұсынатын клиринг орталығы.

Конференция спикерлері – маңызды идеялармен бөлісу үшін жиналатын көрнекті тұлғалар, әлемдік көшбасшылар, ғалымдар, дизайнерлер, IT мамандары, философтар, музыканттар, министрлер кабинетінің мүшелері, Нобель сыйлығының лауреаттары.

Жиынға 1 300-ден астам адам қатысады және оны бүкіл әлем бойынша 50 000-нан астам адам тікелей эфирде көреді.

Source
Inform.kz

TuraNews

Back to top button