БастыҚоғам
Trending

Димаш Құдайберген тағы бір құрметті атаққа ие болды

Әлемге әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Санжар Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің құрметті профессоры атанды.

Университет ректоры Марат Шоранов Димаш Құдайбергенге мәдениетті дамытуға, жастардың рухани тәрбиесіне қосқан үлесі және Қазақстанның халықаралық имиджін ілгерілетудегі еңбегі үшін ҚазҰМУ-дың құрметті профессоры атағын табыстады.

Димаш Құдайберген кездесуде өзінің өмірлік және шығармашылық жолы туралы ой бөлісті. Ол ұлттық мәдениеттен ажырамай, әлемдік сахналарға қалай жеткенін айтып берді.

— Адамды ең әуелі рухани байлығы үшін бағалаймын. Талант пен кәсіби қабілет — одан кейінгі нәрсе. Егер ішкі негіз болмаса, қандай жетістікке жетсең де, оның салмағы сезілмейді, — деді Димаш.

Димаш Құдайберген ҚазҰМУ студенттерінен құралған «Дала сазы» ұлттық аспаптар ансамблімен бірлесіп өнер көрсетті. Олар «Адай» күйін бірге орындады.

Халық әртісі студенттерге алдағы емтихан сессиясын сәтті тапсыруға тілектестігін білдірді.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button