Қоғам

Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге 15 млн теңге аударды

Ол "Демеу Қазақстан" қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде ақша аударды.

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген су тасқынынан зардап шеккендерге қаржылай қолдау көрсетті.

Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде ақша аударды.

Жылы сөзін арнап, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негізінде елдегі атқарылып жатқан істерге тоқталды.

«Бала кезден бастап тілеуімді тілеп, биікке қанат қағып, қалықтап жүрсін деген тілек тілеп жүрген жерлестерімнің қал-жағдайын білмей кете алмадым. Жаңалықтардан мемлекет тарапынан ауқымды сомада көмек беріліп жатыр дегенді оқып жатырмын. Ең бастысы, еліміз аман болсын, жұртымыз тыныш болсын», – деді әнші.

Өзі де игі істен шет қалмай, туған жеріне сапары барысында қайырымдылық қорға ақша аударды.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button