Салтанатты шарада Димаш Құдайберген «Киелі мекен» әнін орындады. Одан бөлек, халық әртісі Роза Рымбаева мен тағы бірқатар әртіс өнерлерін ортаға салды.
Димаш Құдайберген V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында «Киелі мекен» әнін шырқады. Бұл нөмірге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожиновтың жетекшілігімен «NOMAD STUNTS» кәсіби каскадерлер тобы қатысты.
Димаш Құдайбергеннің ашылу салтанатында шырқаған әнінен кейін ежелгі көшпенділердің күші мен рухын сипаттайтын арнайы спектакльдер басталды.