Қоғам
Димаш Анталядағы концертінің өтетін орнын өзгертті

Димаш Құдайберген Түркияның Анталя қаласындағы концертінің өтетін орнын өзгертті, деп жазады Turanews.kz.
«Құрметті достар! 6 мамырға Антальяда жарияланған дауылды ескертуге байланысты Димаштың Stranger концерті Ақдениз ашық стадионынан Antalya EXPO 2016 аумағында орналасқан Antalya EXPO Kongre Merkezi жабық алаңына ауыстырылатынын хабарлаймыз», — делінген әншінің парақшасында жарияланған хабарландыруда.
Сондай-ақ барлық көрермен сағат 16:00-20:00 аралығында Ақдениз стадионынан жаңа алаңға дейін және кері бағытта тегін трансфер ұйымдастырылатыны айтылған. Кері қайтушыларға уақыт шектеуі жоқ. Концерт залына өз бетімен жетуге де болады.
Толық ақпарат https://dimashali.com/event/antalya/ парақшасында орналастырылған